24 Қараша, 2020 Ақтөбе облысы
Фото: Оңдасын Оразалиннің facebook парақшасынан
Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Бестамақтағы доңыз фермасына байланысты бастамашыл топ мүшелерімен кездесті. Бұл туралы әкім facebook парақшасында мәлім етті.
Әкім жүздесу барысында бастамашыл топ мүшелері көпшіліктің ой пікірлерін жеткізін, оларды мұқият тыңдап, тиісті органдарға қысқа мерзімде және шұғыл іс-шаралар жүргізуді тапсырғанын атап өтті.
"Қай мәселе болса да ашуға салмай, ақылға салып шешетін халықпыз ғой. Бұл проблеманың да оңтайлы шешу жолдарын бірге қарап, ортақ бір мәмілеге келдік.
Бұл жерде екі мәселе бар:
Біріншіден, қоршаған ортаға келтірген зиянды заттарды заласыздандыру, өтемақы төлеттіру және заң аясында жауапқа тарту. Бұнымен құқық қорғау органдары айналысуда, тиісті тапсырма берілді.
Екіншіден, көпшіліктің пікірін ескеріп, тексеріс қорытындысының нәтижесімен «Парижская коммуна – XXI» ЖШС басшылығына шаруашылықтың бағытын өзгертуге немесе мүлдем жабу туралы талап қойылады. Бұл мәселенің шешілу мерзімін анықтауды арнайы мамандарға тапсырамын.
Шаралар барысы өзімнің жеке бақылауымда. Арнайы құрылған комиссия мүшелері күнделікті жұмыс барысын баяндап отыр" делінген әкім жазбасында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір