• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:40:25
Алматы
+12°

Әзербайжанның Ханкенди қаласына босқындары бар автобустар келіп жатыр. Өткен тәулікте 400-ден астам адам Таулы Қарабақтағы үйлеріне оралды. Ал үш ел арасындағы бітімгерлікке қол қойылған күннен бастап жалпы  40 мың адам келді. Бұл туралы aze.az сайты хабарлады. 

Босқындарды тасымалдап жатқан автобустар ресейлік патрульдердің бақылауында. Қайта оралған адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетілуде. Атап айтқанда, Ханкендиде әскери-далалық госпиталь орналастырылды. Онда ересектер де, балалар да жүгіне алады. 

Қарабақтың 24 елді мекеніне электр энергиясы қайта қосылды. Сонымен қатар, олар (ресейлік бітімгерлер – ред.)  хабар-ошарсыз кеткендерді табу бойынша күрделі жұмыстар жүргізуді бастады. 

Алайда бір мәселе әлі жауабын нақты тапқан жоқ. Қайта оралған босқындар, өздері келген Әзербайжан Республикасының заңдарын тануға және сақтауға келісе ме?  Әзербайжан басылымының хабарлауынша, бұл  сұрақ ашық күйінде қалып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір