24 Желтоқсан, 2020 Саясат
Фото: qamshy.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Алиевпен телефон арқылы сөйлесіп, оны туған күнімен құттықтады. Бұл туралы akorda.kz сайты хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің достас Әзербайжанның әлеуметтік-экономикалық дамуына, БҰҰ жарғысы мен БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің шешіміне сәйкес мемлекеттің территориялық тұтастығын қорғауға қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты бірлескен міндеттер, сондай-ақ, халықаралық аренадағы ықпалдастық жайын талқылады.
Ильхам Aлиев қазақстандық компанияларды Таулы Қарабақты қайта қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға шақырды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір