25 Қаңтар, 2021 NEWS
Фото: alashainasy.kz
Npf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы өтініш не себепті жойылады? Бұл туралы "Отбасы банк" баспасөз қызметіндегілер түсіндірді.
"Достар, егер enpf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы сіздердің өтінімдеріңіз жойылса немесе жүйе соманы дөңгелектуіңізді сұраса, онда бұл бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін:
⠀
1. Егер қажет сома "0" деп көрсетілсе, онда сіздің өтініміңіз жойылады;
⠀
2. Егер қаражат сомасы қосымша белгілермен көрсетілсе. Мысалы, "1.000.000" немесе "1000000,00" түріндегі сомаларды жүйе қабылдамай, дөңгелектеуді сұрайды. Яғни соманы қосымша белгілерсіз "1000000" немесе "1234567" түрінде көрсету керек;
⠀
3. Егер сіз бәрін дұрыс енгізген болсаңыз, жүйені жаңарту немесе қайта кіру керек" деп жазылған банктің instagram парақшасында.
⠀
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, онлайн платформада жұмыс жасау үшін қолданыстағы ЭЦҚ және nclayer сертификаты қажет. Сертификаттарды Pki.gov.kz сайтынан жүктеп алса болады.
⠀
Сондай-ақ банк хабарламасында зейнетақы жинақтарын алу бойынша барлық шаралар тек компьютерден немесе ноутбуктен тәулік бойы қолжетімді болатыны ескертілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір