• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:08:51
Алматы
+12°

Республикалық "Алатау" республикалық балалар клиникасының басшысы пара алу үстінде ұсталды. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Facebook желісінде жазды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жүргізген операция барысында мекеме қызметкерлерінің ақша ұрлағаны, азық-түлік және балаларға арналған басқа да өнімдерді сатқаны анықталды.

– Шипажай директоры Қаншайым Мұсаева мен оның қоластындағылар жыл сайын ақша жымқырып отырған. Ата-аналар тарапынан клиникаға келіп, тамақ, арнайы ем шаралары үшін төленетін қаражатты бюджетке салудың орнына, өздеріне алған, – деді Саин.

Ол өз жазбасында балалар бұл орталыққа мемлекеттік квота арқылы жіберілетінін айтты. Яғни, ата-аналардың өздеріне жұмсайтын шығыны бұл есепке кірмейді.

– Онда ата-аналар тәулігіне 7500-11 000 мың теңгеге дейін төлейді. Тағы да олар тамақтануға күніне 5000 теңге беріп отырған. Бұл қаражат мекеменің бюджетіне емес, басшылықтың қалтасына түсіп отырған, – деп атап өтті ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір