16 Ақпан, 2021 Әлеумет
Фото:көрнекі сурет
Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 75 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін алып үлгергенін мәлімдеді.
– Биылғы қаңтарда ақпараттық жүйелерді интеграциялауға байланысты дайындық жұмысы аяқталған соң Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алуға арналған өтінімдерін қабылдай бастады. 12 ақпандағы жағдай бойынша 1 855,9 млрд теңге сомасына 115 608 өтінім қабылданды. Оның ішінде 423,6 млрд теңге сомасына 78 074 өтінім өңдеуге қабылданып, мақұлданды, – деді Досаев.
Досаевтың сөзінше, зейнетақының бір бөлігін алғандардың басым көбі қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсаған.
– Азаматтар алынған жинақтардың 87 пайызын тұрғын үй мәселелерін шешуге, оның 45,5 пайызын – тұрғын үй сатып алуға; 28,3 пайызын – ипотекалық қарыз бойынша берешекті өтеуге; 10,5 пайызын екінші деңгейдегі банктерге бастапқы жарна үшін және Отбасы банкінде ипотека алуға; 2,3 пайызын жеке тұрғын үй құрылысын салуға, ипотеканы қайта қаржыландыруға, сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті өтеуге және өзге де мақсаттарға жұмсауға ниеттенеді, – деді Ерболат Досаев.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір