• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:30:30
Алматы
+12°

Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және спорт министрлігінің онлайн форматта өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өту бағытында бірқатар тапсырма берді.

– Биыл халқымыз үшін тарихи маңызды жыл. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтудеміз. Республика бойынша ел мерейтойына арналған 360-тан аса мәдени, 400-ге жуық спорт бойынша іс-шара өтеді деп жоспарланған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл Наурыз мейрамы мазмұндық тұрғыдан байытылған, жаңартылған концепциямен атап өтіледі.

Жоспарланған іс-шараларды жоғары деңгейде іске асыруға жұмыла күш салып, Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген нәтижелерімізді ел ішінде және халықаралық деңгейде таратуымыз керек, – деді премьер-министр орынбасары.

Сондай-ақ биыл жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175, ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсариннің 180, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150, алаш қайраткері Әлихан Бөкейханұлының 155, Еркеғали Рахмадиевтің 90, Олжас Сүлейменовтің 85, Қаршыға Ахмедияровтың 75, Әлібек Дінішевтің 70, Батырхан Шүкеновтің 60 жылдық мерейтойы мемлекеттік деңгейде аталып өтпек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір