• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 10:30:53
Алматы
+12°

17-20 ақпан күндері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 4 жаңа қойылымның тұсауы кесілді, деп хабарлайды Қамшы тілшісі.

Олар: "Екеуміз..." драмасы, "Оң қол" хоррор драмасы, "Барымен базар" комедиясы және "Туған күн" монодрамасы.

"Екеуміз..." драмасы (қоюшы-режиссері Н. Дубс)

Драматург О.Жанайдаровтың пьесасы жастар арасындағы желік сезім, стереотиптік көзқарастар, әлеуметтік мәселелер және отбасылық құндылықтар тақырыбын қамтыды. Жеке адамның өзін-өзі тани білуі, өзгенің жанын, жақынының жанын сезіне алуы, тыңдай-көре білуінің, түсінісу мен жарасымның, кешірімнің қаншалықты маңыздылығын ұғындыратын сәттерге куә етті.

"Оң қол" хоррор драмасы (қоюшы-режиссері А. Шарипов)

Жазушы Т.Әбдіктің "Оң қол" пьесасының оқиға желісі адам мен қоғам қатынасын əрдайым басты назарда ұстайды. Басты кейіпкер — Алманың бойындағы үздіксіз жүріп жатқан үрей мен қорқыныш, өмір мен өлім арасындағы арпалыс, жан толғанысы кеңінен суреттеліп, қатерлі дерттің себеп-салдарын ашып көрсетті.

"Барымен базар" комедиясы (қоюшы-режиссері Н.Жұманиязов)

Тынымбай Нұрмағанбетов – комедия жанрында жазып жүрген драматургтер ішіндегі бірегейі. Автордың бұрын еш жерде сахналанбаған бұл туындысында қазіргі қоғамда болып жатқан өзекті мәселелер ащы сатирамен мысқылданып, көрермендерді күлдіре отырып ойға батырды.

"Туған күн" монодрамасы (қоюшы-режиссері Е.Кәрібаев)

Ата-ананың ыстық құшағы мен аялы алақанын сезінбей, балалар үйінде тәрбиеленген, бойжеткен шағында сүйген, сенім артқан адамынан сатқындық көріп, үміті кекке ұласқан, тағдыр тәлкегіне түскен әйелдің жай-күйі "Туған күн" монодрамасында айқын көрінді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір