04 Наурыз, 2021 NEWS
Фото: primeminister.kz
Абзал Бейсенбекұлы қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
"ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды" делінген хабарламада.
Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Ноттингем университетін, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — экономист, мемлекеттік саясат саласындағы гуманитарлық ғылымдар магистрі, құқық бакалавры.
Еңбек жолын 2007 жылы білім және ғылым министрлігінің ғылым комитетінде жетекші маман міндетін атқарушы қызметінен бастаған.
2008-2010 жылдары экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Әлеуметтік саланы дамыту департаменті білім және ғылымды дамыту басқармасының сарапшысы болып жұмыс істеді.
2010-2011 жылдары қаржы министрлігінде жұмыс істеді.
2011-2019 жылдары президент әкімшілігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2019 жылғы сәуір-қыркүйек айларында "Жасанды зерде саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерді қолдау қоры" КҚ басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.
2019 жылғы қазан айынан қазіргі уақытқа дейін жеке меншік секторда басшылық қызметтер атқарды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір