16 Наурыз, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ғалым әйелдер үшін арнайы квоталар енгізілетінін мәлімдеді.
Министрліктің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы гранттық қаржыландырудың жаңа түрлері енгізілді. Оның ішінде шағын және халықаралық коллаборация бойынша гранттар бар.
2020 жылы ғылыми жобалар бойынша 5 конкурс өткізілген. Ғылымды әкімшілендіру жүйесі жетілдіріліп, жобалардан күтілетін нәтижелерге қойылатын талаптар арттырылған.
Білім министрі жас ғалымдарды қолдауға да ерекше көңіл бөлініп отырғанын айтты.
– Біз ғалымдардың тағылымдамадан өтуі үшін 500 грант бөлу туралы тапсырма шеңберінде жұмысты ұйымдастырамыз. Сонымен қатар ҚР Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында жас ғалымдарға кемінде 1000 ғылыми грант бөлуді тапсырды. Қаржыландыру бар, жұмыс жүргізілетін болады.
Жас зерттеушілерге қолдау көрсету үшін біз ғылыми гранттарға конкурстар жариялау кезінде арнайы квота енгіздік. Қазір біз жас ғалым әйелдердің санына қатысты да дәл осындай квотаны енгіземіз деп шешім қабылдадық. Бұл туралы біздің ғалым әріптестерімізбен кездесулерде бірнеше мәрте айтылған болатын, – деді Аймағамбетов.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір