• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 10:23:47
Алматы
+12°

Түркітілдес елдердің бейресми саммитінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан өңірінде түркі елдерінің бірлескен "Арнайы экономикалық аймағын" құруды ұсынды. 

– Пандемия бұрын-соңды болмаған экономикалық дағдарысқа әкеп соқтырды. Індеттің салдарынан өзара сауда айналымы азайып кетті. Нақты айтқанда, Қазақстан мен Түркі кеңесіне мүше елдер арасындағы сауда-саттық көлемі былтыр шамамен 7 миллиард доллар болды. Бұл – пандемияға дейінгі көрсеткіштен 11,2 пайызға төмен. Сондықтан, біздің елдеріміз үшін алыс-берісті ұлғайта түсу – басты міндеттің бірі. Осы орайда, тоғыз жолдың торабында орналасқан Түркістанның инвестициялық және сауда-экономикалық мүмкіндігі зор. Оның қомақты табиғи ресурсын, адами капиталы мен туристік әлеуетін ескеріп, Түркістан өңірінде түркі елдерінің бірлескен "Арнайы экономикалық аймағын" құруды ұсынамын, – деді ол.

Сонымен қатар президент трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану – ел тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің кепілі екенін айтты. Осы орайда, саммитке қатысушы елдермен бірлесе гидроқұрылымдар салу жобаларына атсалысуға дайын екенін атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір