• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:39:45
Алматы
+35°

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов instagram парақшасында жұқпалы аурулар госпиталінен видео жариялады.

Оның айтуынша, “Асар” шағын ауданындағы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына коронавирус жұқтырған науқастар жатқызылады.

– Жансақтау бөлімінде көбі 40, 30 және 25 жастағы науқастар өте ауыр жағдайда жатыр, – деген Позилов халықты коронавирусқа қарсы вакцина салуға шақырды.

– Барлықтарыңыз өмірлеріңізді қауіп-қатерге тікпей, ертерек коронавирусқа қарсы вакцина салуға шақырамын. Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы барлық емханаларда коронавирусқа қарсы “Спутник-V” вакцинациясы тегін салынып жатыр. Міндетті түрде вакцина салып алыңыздар, – деді ол видеода.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір