• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 18:36:49
Алматы
+35°

Пәкістанның Белужистан провинциясының орталығы Кветта қаласындағы қонақүйде бомба жарылып, кем дегенде төрт адам қаза тапты, 12 адам жараланды.

"Пәкістандағы Қытай елшісі шабуылдың нысанасы қонақ үйдің автотұрағы екенін айтты" деп хабарлады BBC.

Басылым ақпаратына сәйкес, Ауғанстанмен шекаралас Белужистан провинциясында бірнеше қарулы топ, оның ішінде исламшыл экстремистер мен сепаратистер жиі бүлік шығарады.

Сепаратистер Пәкістаннан тәуелсіздік алғысы келеді және осы аймақтағы Қытайдың ірі инфрақұрылымдық жобаларына қарсы.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Пәкістан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір