• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 11:37:57
+12°

Әдетте президенттердің алғашқы 100 күніне есеп беріп жатады. Осы аптада Байден АҚШ билігінің басына келгеніне 100 күн толады. Соған байланысты ол келгелі не бітірді деген сұраққа жауап беріліп жатыр екен.

Сонымен, ол келгелі бірнеше мықты, негізгі фигуралар тағайындалып, олардың Сенат арқылы бекуіне қол жеткізілді:

● Барлау агенттігінің басшысы, Мемлекеттік департамент басшысы, Орталық Барлау Басқармасы басшысы, Пентагон басшысы, Бас прокурор және тағы басқалар; 

● 200 млн вакцина жеткізілді, сөйтіп ол өзінің сайлауалды уәдесін артығымен орындаған;

● Ресейге қарсы үш санкция пакетін салып үлгерген;

● Ресейге қарсы тұтас батыстық кампания ұйымдастыра алған. Бұл жаңа қырғи-қабақ соғысының бастауы десе де болады;

● Ресейдің Украина шекарасындағы әскери арандатуын зергерлік дәлдікпен тойтарды. Путин өзі аңсаған АҚШ көшбасшысымен кездескенше Украина үзіліс алды, ендігісін уақыт көрсетеді.

● Украинаның батып жатқан батпағын қорыс қылды, енді аз да болса Украинада капитуляциядан гөрі қарсыласуға деген тренд пайда болды. Сондықтан Кремль жақтан үнемі зарланған, жыланған дауыстар естіліп жатады, өйткені Байденнің Украинадағы саясаты Трамптың кезіндегіден 180 градусқа өзгерген;

● Қытайға қарсы мықты қадамдар жасады. Алғашқы санкциялар салынып бастады;

● COVID-19-дың салдарымен күресуге бағытталған 1,9 трлн доллар көмек республикашылдардың жаппай қарсылығына қарамастан жүзеге асты. Көмектің екінші пакеті де (2 трлн доллар) жақын. Бұл АҚШ экономикасының күрт дамуын туғызбай қоймайтыны әлден-ақ байқала бастады.

● Алғашқы 100 күнде АҚШ қор биржасы ең үлкен өсімге қол жеткізді. Мұндай өсім соңғы рет тек Дуайт Эйзенхауер кезінде ғана болыпты. Қор биржасы саясаттан тыс, тек қана экономиканың күрт өсуіне сенеді десек, яғни экономика өсіп жатқаны. 

● Байденнің рейтингі тұрақты түрде 50%-дан жоғары (Трампта алғашқы 100 күнде 42% ғана болды).

Қуаныш Еділхантегі

Шолушы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір