• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 19:57:26
Алматы
+35°

Бүгін Татарстан автономиялық республикасының астанасы Қазандағы №175 мектепте болған атыстан қайтыс болғандарды жерлеу рәсімі өтеді. Бұл туралы Ren.tv сайты хабарлады. 

Сайттың мәліметінше, жерлеу рәсіміне психологтар қатысады.

Бүгін Татарстанда аза тұту күні деп жарияланды.

Күні кеше Қазандағы Джаудата Файзи көшесіндегі мектеп 19 жастағы жасөспірім Ильназ Галявиев қарумен шабуыл жасап, мектептің  кіреберісінде қолдан жасалған жарылғыш затты іске қосқан. Соның салдарынан 2 мұғалім, жеті оқушы қаза тауіп, 21 адам жарақат алды.

Қазан мектебіндегі атыстан қайтыс болғандардың толық тізімі төмендегідей:

1/ Игнатьева Эльвира (26 жас), ағылшын пәнінің мұғалімі 
2/ Айзатова Венера (55 жас) бастауыш сыныптың мұғалімі

3/ Шайхутдинов А. (14 жас);
4/ Гарифуллина А. (15 жас);
5/ Гайнутдинов Д. (14 жас);
6/ Волков А. (15 жас);
7/ Галимзянова З. (15 жас);
8/ Зарипов А. (14 жас);
9/ Нагимуллина И. (14 жас);

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Казан Татарстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір