• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 11:44:14
+12°

Білім және ғылым министр Асхат Аймағамбетов пандемия кезінде қашықтан оқуда білім сапасының көрсеткіші қалай болғанын және алдағы оқу жылы қандай форматта болатынын айтты. Бұл туралы ол Astana TV арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

– Барлық мемлекеттер пандемияға байланысты білім беру сапасының төмендегені бойынша ақпараттарын берді. Бізде дәстүрлі форматта, мұғалімнің жанында болып, мектепке барып, мектеп қабырғасында оқыған білімнің сапасы мен қашықтан оқыған білімнің сапасында біраз алшақтық болады.

Кейбір жағдайларда өз-өзін ұйымдастыра білетін, жақсы оқып жүрген балалардың білім көрсеткіші жаман емес, ал кейбіреулерінде керісінше. Бірақ бұл балаларға үлкен қиындықтар алып келді. Соның арқасында бүгінде білім беру сапасы бойынша алшақтық пайда болды. Сондықтан оны жасырып, ештеңе болмағандай жүрмеуіміз керек. Біз 1 жыл бойы мониторинг жүргізіп, қарап отырдық. Яғни қай пәндер және тақырыптар бойынша деген сынды мониторинг арқасында диагностика жүргіздік. Соның арқасында нақты алшақтықты жою бойынша бағдарлама бекітіліп, қазір іске асырылуда, – деді ол.

Министр эпидемиологиялық ахуал тұрақтанса алдағы оқу жылы дәстүрлі форматта болатынын айтты.

– Келесі жылғы оқу форматы эпидемиологиялық ахуалға байланысты. Қазір вакцинация мәселесін қарап отырмыз. Жалпы бізде ауру деңгейі күрт төмендеп жатыр. Соның арқасында келесі оқу жылын дәстүрлі форматта ашуға барлық мүмкіндік бар деп ойлаймын, – деді Аймағамбетов. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір