16 Шілде, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстанда балаларға Pfizer препаратын егу жоспарлануда. Вакцина Қазақстанға 2021 жылдың төртінші тоқсонында келеді деп күтілуде. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмагамбетова мәлімдеді.
– 18 жасқа дейінгі балалар бізде қолданылатын препараттармен вакцинацияланбайды. Pfizer вакцинасы 12 жастан асқан балаларға қолданылады. Біз балаларды вакцинациялау мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Қазақстанда олардың саны 2 млн-ға жуық, бүгінде "дельта" штаммының таралуын ескере отырып, балалар жиі ауырады деп айтып отырмыз. Біздің міндетіміз тек ересектерді ғана емес, балаларды да қорғау. Бұл ретте балаларды вакцинациялау тек ата+аналардың, қамқоршылардың немесе балалар өкілдерінің рұқсатымен ғана жүргізілетінін атап өткім келеді, – деді Айжан Есмагамбетова.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір