• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 06:06:19
Алматы
+12°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт қарсаңында қазақстандықтарға ескерту жасады.

– Ертең бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі басталады. Елде күрделі ахуал қалыптасып отыр. Сондықтан біз жұрттың құрбандық шалатын жерлерде жаппай жиналуын болдырмауымыз керек. 

Жағдайды одан бетер ушықтырып алуымыз мүмкін. Үкімет пен әкімдер осы мәселені ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Құрбан айтта инфекциялық қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету қажет, – деді ол.

Тоқаев әрбір азаматты денсаулықтарын сақтап, туған-туысыныңың, отбасының амандығын ойлауға шақырып, үкімет пен өңір басшылары белгіленген міндеттердің бәрін мінсіз атқаруы тиіс екенін жеткізді.

2021 жылғы Құрбан айт мерекесі 20 шілдеге (сейсенбі) сәйкес келеді. 3 күнге созылатын діни мейрамның бірінші күні (20 шілде) елде мемлекеттік демалыс жарияланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір