24 Шілде, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вакцина қарқынының жеткіліксіздігінен және науқастар санының артуы салдарынан қалада карантин шараларын күшейткенін айтты.
Бекшиннің сөзінше, қалада эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлаған. Өткен тәулікте мегаполисте 1 080 жұқтыру жағдайы тіркелген.
– Мұндай өсім денсаулық сақтау жүйесіне, медицина қызметкерлеріне қиындық тудырады. Өйткені иммундық қабат әлі де жетілмеген. Қаладағы жағдайды тұрақтандыру үшін бізге халықтың 70% вакцина салдыруы қажет. Бүгінде біздегі мәлімет бойынша иммундық қабат 40%-ды құрайды. Коронавирустың таралуы иммундалмаған және ауырмаған азаматтар арасында жүріп жатыр, – деді қаланың бас санитар дәрігері.
Сондай-ақ ол вирус жұқтырғандардың өсуі "дельта" штаммының таралуымен байланысты екенін айтты. Бұл штамм өте жұқпалы әрі ауыр клиникалық көріністерді тудыратынын да атап өтті.
– Соңғы аптада "симптомдық" науқастардың үлес салмағының 88%-дан 90%-ға дейін өсуі байқалды. КВИ аурушаңдығы 1,4 есе өсті, тәуліктік өсім 1%-дан асты. Бұл аса қатаң шектеу шараларын енгізуді талап ететінін, қоғамда КВИ таралуының жоғары өсу қарқынын көрсетеді, – деді Ж. Бекшин.
Ол "дельта" штаммының жұқпалылығы "британдық" штаммнан әлдеқайда жоғары екенін айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір