12 Тамыз, 2021 NEWS
Фото: bilimdinews.kz
Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева сабақ уақытында оқушылар маска режимін сақтайтынын айтты.
– Балалар сабақта бетперде киеді, бірақ асхана мен дене шынықтыру сабағында бетперде кию міндетті емес. Дене тәрбиесі далада болатындықтан, қашықтық сақталады. Асханада біз де барлық санитарлық нормалардың сақталуын талап етеміз, – деді ол.
Білім басқармасының басшысы барлық мектептің балалары маскамен толықтай қамтамасыз етілетінін атап өтті.
– Балаларды антисептикпен және маскалармен қамтамасыз ету ата-аналардың мойнында. Егер ата-аналардың мұндайға мүмкіндігі болмаса, онда мектеп маскамен қамтамасыз етеді, – деп сөзін түйіндеді Л.Жылқыбаева.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір