• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:25:47
Алматы
+35°

Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы ірі кәсіпкерлерінің бірі Болат Әбілов 90 жылдары қылмыстық топ өкілдерімен қалай қарым-қатынас құрғанын айтып берді.

Ол 90 жылдары криминал авторитеттер кәсіпкерлерден жиі ақша жинап тұрғанын, жеке өзі ешкімге ештеңе ұстатпағанын айтады. Сөзінше, кәсіпкерлерден ақша "сындыра алмаған" қылмыстық топ өкілдері қандайда бір пайда көріп қалу үшін олармен достасуға тырысқан. 

Бизнесменнің айтуынша, "Поле чудес" телебағдарламасында Butya компаниясы жарнамаланғаннан кейін көптеген кәсіпкерлер мен мәскеулік авторитеттер тарапынан қызығушылық арта түскен. "Рыжий Алмас" (90 жылдардағы қылмыс әлемі авторитеттерінің бірі, шын есімі Несіпбай Нәсенов - ред) арқылы оның кім екенін анықтап, ақша төлеп тұруға мәжбүрлеуге тырысқан.

– "Поле чудес"-ке жарнама бергеннен кейін бізбен жұмыс істегісі келетіндерден түскен телефон қоңырауларында есеп болмады. Таңертең "Рыжий Алмас" келіп тұр. Мәскеулік авторитеттер сұрап жатқанын, ақша төлемесем, Мәскеудегі филиалымызда проблема болатынын айтты. Мен Алмасқа "егер Мәскеуде бізде проблема болса, сенде осы жерде проблема болады, оған күмәнің болмасын" дедім. Сол күні кешке үйге келсем, подъезд алдында екі бандит мені күтіп тұр екен. Мен көліктен түсе сала "қайырлы кеш, қалдарың қалай" деп қолдарын алып өте шықтым. Подъезд есігін ашсам, тағы екеуі тұр. Олар мені соғып кету үшін тұрғаны белгілі. Бірақ аналармен амандасып кіргенімді көріп не істерлерін білмей қалды. Терезеден қарасам, айналсоқтап жүрді де кетіп қалды. Келесі күні маған қастандық жасалғалы жатқанын айтып, органға арыз түсірдім. Біз келісіп, бандиттерді қылмыс үстінде ұстаудың жоспарын құрдық. Кешке милиция үй жақта тұзақ құрып мені тосты. Кешке үй жаққа келсем, мені үш жігіт тосып тұр екен. Жақындағаным сол еді милиционерлер жүгіріп келді. Бірақ олардың құрған тұзағы сәтсіз болып, бандиттер қашып кетті, – деді бизнесмен медиакәсіпкер Арманжан Байтасовқа берген сұхбаттар сериясының кезекті санында.

Оқи отырыңыз:

♦ "Сабыржан үндемей қалды". Болат Әбіліов қылмыс әлемінің серкелерімен қалай сөйлескенін айтты

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір