06 Қазан, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Еуропарламент депутаттары жаппай азаптау мен қуғын-сүргінге қатысы бар деген айыппен Беларусь президенті Александр Лукашенконы халықаралық жауапкершілікке тарту үшін қысымды күшейтуге дайын.
Сейсенбіде Литваның Еуропарламенттегі депутаты, бұрынғы премьер-министр Андриус Кубилиус "Лукашенконы Халықаралық сотқа беру керек" деді.
Оның ұстанымын Германия Жасыл партиясының депутаты Сергей Лагодинский қолдады.
Ақпараттарға сәйкес, бұл талап осы бейсенбіде Еуропа парламент қарарында толық палата арқылы дауыс беріліп, қабылдануы мүмкін.
Еуропарламент мүшелерінің айтуынша, президент Лукашенко 2020 жылдың тамызындағы даулы президент сайлауынк наразылық білдірген оппозициялық демонстранттарды заңсыз тұтқындауға және азаптауға бұйрық берген. Тұтқындардың кемінде 700-і әлі де түрмеде.
ЕО-ның адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі Эамон Гилмордың сөзінше, Беларусьте қылмыстарды тергеу үшін халықаралық сот құруға болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір