• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

28 Қазан, 14:11:52
Алматы
+11°

7 қазанға қараған түні Пәкістанның Белуджистан провинциясында жер сілкінісі болып, 15 адам көз жұмды. Бұл туралы Би-би-си ақпарат агенттігі хабарлады.

Сейсмологтар Пәкістан аумағында магнитудасы 5,7 шкаласын көрсеткен жер сілкінісін тіркеген. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Кветта қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 102 шақырым жерде орналасқан. 

Пәкістанның апаттарға қарсы күрес басқармасы 15-20 адамның мерт болғанын хабарлады. Билік апат құрбандарының саны бұдан да артуы мүмкін деп отыр. Қазір құтқару-іздестіру операциясы жүріп жатыр.

Дүмпу кезінде қанша үй мен ғимарат бүлінгені жайлы әзірге ақпарат жоқ.




"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Пәкістан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір