• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:27:14
Алматы
+12°

Мәжіліс nөрағасы Нұрлан Нығматулин Словакия Республикасының cыртқы және еуропалық істер министрі Иван Корчокпен кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізгі басымдықтарын талқылады.

Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин Словакия Қазақстан үшін маңызды серіктес ел екенін, екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнаған жылдар ішінде елдер арасында сенімді саяси диалог жолға қойылып, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті.

Нұрлан Нығматулин мәртебелі мейманға кездесулер барысында қол жеткізілген барлық келісімдерді іске асыру Қазақстан мен Словакия арасындағы жемісті ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін жеткізді.

Сонымен қатар, отырыста мәжіліс төрағасы парламент мәжілісінің заң шығарушылық жұмысы туралы айтып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған саяси жүйені жаңғырту үдерістерін қолдау, азаматтық қоғамды дамыту үшін заңнамалық база құру жөніндегі жұмыстарға тоқталды.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, бүгінде екі елдің парламент өкілдері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеялары, Еуропа Кеңесі, Парламентаралық Одақ сияқты парламентаралық ұйымдар аясында өзара іс-қимыл жасауда.

Өз кезегінде, Иван Корчок Қазақстан мен Словакия арасындағы байланыс, оның ішінде парламентаралық қарым-қатынасты нығайтуға ниетті екенін айтты. Сонымен қатар, Словакия Республикасының Сыртқы істер министрі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Қазақстан Орта Азия бойынша жаңғыру, адам құқығы, азаматтық қоғам жағынан көш бастап келе жатқанын атап өтті.

Нұрлан Нығматулин мен Иван Корчок парламентаралық диалогты нығайту Қазақстан мен Словакия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Мәжілістің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір