20 Қазан, 2021 NEWS
Фото: Видеодан скриншот
Бүгін мәжілістің пленарлық отырысынан кейін БАҚ өкілдері премьер-министр Асқар Маминге бірнеше сұрақ қойды. Алайда үкімет басшысы журналистердің сұрағына жауап бермей, асығыс кетіп қалды.
Журналистер премьер-министрге "Үкімет пандемиямен қалай күресіп жатыр?", "Үкіметтің отставкаға кететін уақыты келмеді ме?" деген сұрақтар қойғанымен, ешқандай жауап ала алмады.
Оrda.kz және Sputnik.kz порталдарының журналистері Мамин кірген лифтке өте бергенде, мемлекеттік күзет қызметкері және үкімет баспасөз қызметінің қызметкері Дариға Сәкенова оларға кедергі жасап, камераларды итерген.
Бүгін БАҚ өкілдері 2020 жылғы наурыз айынан бері алғаш рет мәжіліске оффлайн режимде қатысты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір