11 Қараша, 2021 NEWS Өзгерту
Фото: ВАК баспасөз қызметі
Қазақстанға дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған Covid-19-ға қарсы Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Бұрын қол қойылған келісім шеңберінде Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасының 4 млн дозасы сатып алынған, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия баспасөз қызметі.
Comirnaty – америкалық Pfizer компаниясы мен Германияның BioNTech технологиялық компаниясы шығарған РНҚ-ға негізделген матрицалық вакцинаның (мРНҚ) сауда атауы. Вакцинация курсы 21-28 күн аралығымен енгізілетін екі дозадан тұрады.
Ведомствоаралық комиссия вакцинаны бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау министрлігінің бөлу кестесіне сәйкес жедел тәртіппен өңірлерге жеткізетінін мәлім етті.
Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасы ДДҰ-ға шұғыл қолдануға рұқсат етілген, вакцина АҚШ, Ұлыбритания, Канада және ЕО-да қолданылады. Клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша оның тиімділігі 95 пайызды құрайды. Бұл АҚШ-та жедел қолдануға рұқсат етіліп, (Төтенше пайдалану авторизациясы, EUA) аясында қолданыла бастаған алғашқы вакцина.
Вакцина 12 жасқа толған балалар мен жүкті әйелдерге салынады деп жоспарланған.
Қазақстан аумағында халықты вакцинациялау үшін "QazVac", "Спутник V", "Hayat-Vax", "Соronavac", "Sinopharm" вакциналары қолданылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Көп оқылғандар
Пікір қалдыру
пікір