• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қараша, 08:22:04
Алматы
+12°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

«Мүлік иелерінің бірлестіктері немесе жай серіктестік институтын енгізу жөніндегі реформаны іске асыруды қамтамасыз ету және мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында қала бойынша 1489 жаңа басқару нысаны құрылды (Мүліктің меншік иелері бірлестіктері -137, Жай серіктестік - 1352). Атап айтқанда: Абай ауданында -58 МИБ және 317 ЖС, Әл-Фараби ауданы - 53 МИБ және 358 ЖС, Еңбекші ауданында - 16 МИБ және 403 ЖС, Қаратау ауданында 10 МИБ және 274 ЖС.

Қала аумағындағы аудан әкімдіктері тарапынан Шымкент қаласында кондоминиум объектілерін тіркеу және кондоминиум объектілерін басқару нысандарын таңдау жұмыстары бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары бекітілген жол картасына сәйкес жүргізілуде. Жоспарға сәйкес әр бір көп қабатты тұрғын үйлерге аудан әкімінің аппараттарының қызметшілері бекітілген.

Реформаны іске асыру барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «EASY project» бағдарламасы арқылы бақылауында және кондоминиум объектілерін басқару нысандарын таңдау бойынша жергілікті органдармен атқарылған жұмыстар туралы тиісті мәліметтер аталған бағдарламаға тұрақты түрде енгізілуде.

МИБ институтын енгізу жөніндегі реформаны насихаттау бойынша Медиа жоспар бекітіліп, бекітілген жоспарға сәйкес БАҚ құралдары арқылы және билбордтар, интернет ресурстары және тағы да басқа құралдар арқылы МИБ және ЖС нысандарын насихаттау жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір