• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Шілде, 20:25:45
Алматы
+35°

Түркия президенті Режеп Ердоған түрік лирасы тарихи құлдыраудан кейін қайта қалпына келе бастағанын мәлімдеді. Бұл туралы DW ақпарат агенттігі хабарлады.

Кеше ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 18,3-ге дейін төмендеп, ел президентінің үндеуінен кейін бірден 13 жарым лираға қымбаттаған.

Президенттің айтуынша, азаматтарға жаңа қаржылық балама ұсынылады. Азаматтарға депозиттегі салымды түрік лирасынан шетел валютасына ауыстырудың қажеті болмайды. Себебі лирамен сақталатын депозит сыйақысы валюта бағамынан жоғары болмақ.

– Енді айырбас бағамы жоғары болады деп ешбір азаматымыздың депозиттерін лирадан шетел валютасына ауыстырудың қажеті болмайды. Валюта бағамының құбылуына байланысты баға беруде қиналған экспорттаушы компанияларымызға Орталық банк арқылы форвардтық бағам беріледі. Бағамдағы айырмашылық экспорттаушы компанияға лира түрінде төленеді, – деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Орталық банктің пайыздық мөлшерлемені төмендету үрдісі  жалғаса бермек. Ердоған бұл жағдай бірер айдан кейін инфляцияның төмендеуіне алып келетінін атап өтті.

Бұдан бөлек, жаңа экономикалық бағдарға сәйкес, мемлекеттік қызметкер, зейнеткерлердің жалақысы артып, шәкіртақылар жоғарылайды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір