• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Қараша, 01:56:28
Алматы
+12°

Алматыда төтенше жағдай кезінде 23:00 мен 07:00 аралығында коменданттық сағат жарияланады. Бұл туралы президент қаулысында айтылады.

Құжат мәтіне төмендегідей:

 

1. Азаматтардың маңызды және тікелей қауіпсізідігіне байланысты, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында 2022 жылғы 5 қаңтардағы 01 сағат 30 минут пен 2022 жылғы 19 қаңтардағы 00 сағат 00 минут мерзімі кезеңінде Алматы қаласының шекараларында төтенше жағдай енгізілсін.

2. Алматы қаласында төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде 23 сағат 00 минуттан 7 сағат 00 минутқа дейін коменданттық сағат енгізілсін.

3. Төтенше жағдайдың кезеңінде Алматы қаласының комендатурасы құрылып, оған Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдай туралы» Заңымен көзделген өкілеттіктер берілсін.

Алматы қаласының коменданты болып Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Даниярұлы Таймерденов тағайындалсын.

4. Төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде мынадай шаралар мен уақытша шектеулер енгізілсін:

1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін;

2) Алматы қаласында жүріп-тұру, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігіне шектелер белгілесін;

3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың жанындағы заттарын, көлік құралдарын тексеру қамтамасыз етілсін;

4) Алматы қаласына кіру, сондай-ақ одан шығу шектелсін;

5) бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынсын;

6) ереуілдерге және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдістеріне тыйым салынсын;

7) қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынсын, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режим белгіленсін;

8) жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардан қаруға, оқ-дәріге және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлік оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып қою қамтамасыз етілсін.

5. Төтенше жағдайдың кезінде қолданылатын шаралардың іске асырылуына жауапты болып Алматы қаласының комендатурасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі белгіленсін.

6. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры осы Жарлықпен белгіленген шаралар мен уақытша шектеулерді іске асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етсін.

7. Қазақстан Республикасының Үкіметі төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінен қажетті қаражаттарды бөлсін.

8. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Алматыда ел тарихындағы аса ірі халық наразылығы болып жатыр. Наразылық Жаңаөзенде сұйытылған газ құнының қымбаттауына қарсы өткен митингтерге қолдау ретінде басталған. Алайда халық талабынан кейін автокөлік газы бұрындағыдай 50 теңгеден сатылатын болцп шешілгеніне қарамастан халық алаңдардан тарқамады.

Олар саяси талаптар қойып, үкімет пен Н.Назарбаев отставкасын талап етті. 

Халық наразылығы Алматыда кей жерде жаппай тәртіпсіздікке ұласып, ереуілшілер бірнеше полиуия көлігін өртеп, аударып тастады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір