• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

25 Қаңтар, 13:12:15
Алматы
-3°

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылғы 4-8 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке қатынасқан 2 экстремистік топ ұсталғанын хабарлады.

"9 қаңтарда экстремистік әрекетке алдап-арбау, экстремистік ұйымға басшылық ету және оған қатысу, сондай-ақ жаппай құқыққа қайшы акцияларды жүргізу күдігімен бір ұяшықтың 4 мүшесі ұсталды.

Тұрғылықты мекендерін тексеру барысында атылатын қару, дыбыс-жарық гранаталар, оқ-дәрілер және діни әдебиеттер заттай айғақ ретінде тәркіленді.

Ұйым жетекшісі халықаралық террористік ұйыммен байланысы бар, жаппай тәртіпсіздікке белсенді түрде ат-салысқан шетел азаматы болып табылады.    

Тергеу тұжырымы бойынша, ол Қазақстанға жаппай құқыққа қайшы акцияларды дайындап, сондай-ақ билік органдары мен қарулы құрылымдарға шабуыл жасау үшін келгендігі анықталды.  

Оған осы мақсатта көмек берушілерді іздестіру ұйымдастырылды" делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқкн ақпараттық хабарламада.

Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде көптеген адамның қайтыс болуына байланысты  президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір