• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 17:35:26
Алматы
+35°

Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі Омикрон штамының бүкіл континентке таралуы коронавирусты тұмау сияқты адамзат бірге өмір сүре алатын эндемиялық ауруға айналдыратынын мәлім етті.

Ал Қызыл Крест Омикрон Азияның денсаулық сақтау жүйесіне қауіп төндіретінін айтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамынша, Еуропадағы адамдардың жартысынан көбі наурыз айына дейін Омикронды жұқтыруы мүмкін.

ДДСҰ пікірінше, алғашқы коронавирус штамдары үшін жасалған вакциналарды қолдану вирустың жаңа пайда болатын нұсқаларына қарсы жақсы стратегия емес. Ұйым кедей елдерге вакциналардың алғашқы курсын салу үшін көбірек күш салуы керек екенін жеткізеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Еуропа коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір