12 Қаңтар, 2022 NEWS
Фото: 24.kg басылымы
6 қаңтарда "Манас" әуежайына Абу-Дабиден "Назарбаевтардікі" аталып кеткен Bombardier Global Express ұшағы қонып, сол күні түнде қайта ұшып кеткен.
Бұған дейін Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздік кезінде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелері шетелге кетіп қалғаны туралы бейресми ақпараттар тараған.
Н.Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай ақпарат шындыққа жанаспайтынын, Назарбаев Нұр-Сұлтан қаласында президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей байланысып отырғанын мәлімдеген.
Ал экс-президенттің қызы, депутат Дариға Назарбаева 5 қаңтардан бері мәжілістегі жиындарға қатыспаған. Мәжілісінің баспасөз қызметі депутат денсаулығына байланысты демалыс алғанын айтады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір