• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:47:36
Алматы
+35°

Руслан Жақсылықов Қазақстанның Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

"Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын" делінген жарлықта.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігін Мұрат Бектанов басқарған.

Руслан Жақсылықов жаң қызметке тағайындалуына байланысты Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Ал Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына Еркін Советбекұлы Ботақанов тағайындалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір