• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 09:33:11
Алматы
+12°

Белгілі ақын Олжас Сүлейменов, Қазақстаннан шыққан алғашқы ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, "Байтақ Болашақ" экологиялық альянсының президенті Азаматхан Әміртай мен өзге де қоғам қайраткерлері партия құратынын хабарлады. Соған орай 2 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында отырыс өтпек. 

"Тіркелмеген "Байтақ" халықтық-экологиялық партиясы партияны әділет органдарында тіркеу мәселесі бойынша кезекті мәрте ұйымдастыру комитетінің отырысын өткізеді" делінген ақпараттық хабарламада.

Отырысқа Сүлейменов, Әубәкіров, Әміртайдан бөлек, Ирак Әлекеев, Орақ Әлиев, Виктор Сапульник секілді қоғам өкілдері, үкіметтік емес ұйым және ерікті экологиялық қозғалыстардың өкілдері қатыспақ.

Ұйымдастырушылар соңғы 5 жыл бойы ынталы топ әділет органына тіркеу мәселесімен 9 рет жүгінгенін, барлық талаптар сақталғанына қарамастан, үнемі тіркеуге бас тартып келгенін айтады.

"Мемлекет басшысының 2020 жылғы 11 қаңтар күнгі парламенттегі "мемлекет пен қоғам қарым-қатынасын транформациялау қажеттігі туып отыр. Қоғамдық келісімнің жаңа форматы керек. Қазақстан саяси модернизация жолын жалғастырады. Бұл – менің принципті ұстанымым" деген сөздерінен кейін бізде партиямызды тіркеуге үміт пайда болды" дейді ұйымдастыру комитеті.

Дереккөз: КазТАГ сайты

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір