Фото: 24.kz
Нұрлыбек Нәлібаев бүгін ғана Жамбыл облысының әкімі ретіндегі қызметінен кеткен Бердібек Сапарбаевтың інісі.
Ол 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.
1998-2005 жж. – жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2005-2007 жж. – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.
2007-2008 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
2008-2013 жж. – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.
2013-2021 жж. – Қызылорда қаласының әкімі.
2021 жылғы 1 сәуірден Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір