Максим Яковченко жазбасының скриншоты
Әлеуметтік желіде сапаратистік сөздер жазған Орал қаласы тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп жазады "Уральская неделя" басылымы.
"Полиция әлеуметтік желідегі Орал, Петропавл, Павлодар қалаларын Ресейге беру керек деген жазбаның авторы Максим Яковченконы қамауға алды. Оған қатысты "Ұлтараздықты қоздыру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған баптағы ең қатаң жаза 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді" делінген ақпаратты.
Максим Яковченко бұған дейін "Орал, Петропавл, Павлодар мен тағы басқасын Ресейге беру керек. Өйткені мына жерлерді тек бүлдіріп жатыр. Бөтен жердің адамдары билікке келіп, бәрін қуып жатыр. Маймылдар көшіп-қонып, барлық жерді былғап әбден үйреніп қалған" деп жазған.
Журналист Лукпан Ахмедяров даулы жазба авторымен тілдескенінде ол өзін агресивті түрде ұстап, тіпті журналисті "бірге-бір шығуға" шақырған.
Артынша Ахмедяров полицияға хабарласып, сепаратистік жазба авторына қатысты тергеу басталған.
Ұзамай әлеуметтік желіде Максим Яковченконің эмоцияға ерік бергенін, істеген ісіне өкінетінін айтқан видео шыққан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір