20 Мамыр, 2022 Саясат
Фото: ia-centr.ru
Экономика, білім және ғылым министрі болған, "ҚТЖ", "ҚазМұнайГаз" сияқты ірі ұлттық компанияларда басшылық қызмет атқарған Жақсыбек Құлекеев президент Қасым-Жомарт Тоқаевты да "Елбасы" деп атап керек деп санайды. Экс-министр бұл туралы nege.kz сайтына берген сұхбатында айтқан.
Жақсылық Құлекеев 5 маусымда болатын референдумды мемлекеттің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің басты тетігінің бірі деп есептейді.
– Елбасы кезеңінде референдум болған жоқ. Соның салдарынан халық пен билік арасында, кедей мен бай арасында алшақтық болды. Заң алдында барлығының беделі бір екенін ұмытып кеттік. Менің ойымша, кез келген заңды референдум арқылы шешу керек. Сонда Елбасы тұсындағыдай саяси қателіктер болмайды, – дейді экс-министр.
Жақсылық Әбдірахметұлы сұхбат барысында Қасым-Жомарт Тоқаевты да "Елбасы" деп атау керек екенін атап өтті.
– Ол титулды берген адам қазір жоғары қызметте отыр. Менің оған еш қатысым жоқ. Құлаққа сіңімді болып кеткен соң солай атаймын. "Елбасы" сөзін Назарбаевқа ғана қолдану қателік. Бұл – президент деген сөздің қазақша баламасы. Түріктерде "Ülkenin başı" деген сөз бар, барлық президентке сол сөзді қолданады. Сондықтан "Елбасы" деп Тоқаевты да айту керек. Қазақтың төл сөзі болғандықтан, келешек президенттерімізді де солай атаған дұрыс, – деді Жақсылық Құлекеев.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір