• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 15:17:48
Алматы
+12°

Шығыс Қазақстан облысының балалары үшін жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова айтып берді. Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің толыққанды демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым міндеттерінің бірі болып табылады.

ШҚО-ның 185 374 оқушысын жазғы демалыспен және сауықтырумен қамту жоспарлануда. Соның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға басымдық берілмек. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін Алматы қаласының "Бөбек" және Щучинск қаласының "Балдәурен" ұлттық білім беру және сауықтыру орталықтарында жазғы демалыстарын өткізбек.

«Ағымдағы жылы оқушылар үшін жазғы демалысты ұйымдастыруға 420 млн.теңге қарастырылған. Сонымен қатар, биыл қала сыртындағы лагерьлер желісі 5 бірлікке артып, 995-ті құрады. Сонымен қатар, жаңа лагерьлер базасында тілдік, бизнес және IT-лагерлер сияқты жаңа бағыттар бойынша жазғы демалыс ұйымдастырылатынын атап өткім келеді» деді Сайрангүл Жұмаділова.

Яғни Семей, Алтай қалаларындағы IT-лагерьлер, ол балалардың компьютерлік графика және анимация, авто және авиамодельдеу бойынша құзыреттерін дамытатын болады, сондай-ақ WI-FI және желіаралық қатынастың еркін аймағының IT-алаңы жұмыс істесе, Өскемен, Риддер қалаларындағы тілдік лагерьлерде балалар қаланың мәдени объектілерін тамашалау мен қатар, табиғатқа шығу, тіл иелерімен қарым-қатынас жасау жоспарланған.

Ал Өскемен қаласындағы бизнес-лагерьде, көшбасшылық дағдыларына, қаржылық сауаттылыққа, актерлік шеберлікке, шешендік өнерге, тайм-менеджментке және бизнес негіздеріне оқытатын болады. Биыл жазғы демалысты өткізу үшін лагерлерде 855 тәрбиеші, 881 тәлімгер, 1250 қосымша білім беру педагогы және 546 медицина қызметкері, сондай-ақ колледж оқушылары мен облыстың ЖОО студенттері қатарынан педагогикалық жасақтары еңбек етпек.Сондай-ақ жазғы кезеңде мектептен тыс білім беру ұйымдарының жұмысы жалғасады, оның ішінде 14 оқушылар сарайы, 39 Балалар өнер мектебі, 7 жас техниктер мен натуралистер станциясы, 58 аула жасөспірімдер клубы жұмыс істейтін болады.Барлық сарайлар мен оқушылар үйлерінде жазғы лагерьлер, балаларға арналған дебат алаңдары, шығармашылық студиялар, спорттық секциялар кестеге сай жұмыстарын жалғастырады. Балалар өнер мектептерінде, балалар музыка мектептерінде, балалар көркемөнер мектептерінде түрлі үйірмелер жұмыстарын тоқтатпайды.  Жаз бойы балаларға арналған шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Мәселен жас натуралистер станциялары мен экобиоорталықтарда оқушылардың жазғы далалық экологиялық академиялары, Шығыс Қазақстан аудандарында, соның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын және экологиялық мониторинг жүргізу үшін шатыр үлгісіндегі лагерьлер ұйымдастырылмақ.

Балалардың қауіпсіздік мәселесіне де баса назар аударылуда.  ШҚО ТЖ департаменті шомылу маусымы кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес лагерьлердің шомылу орындарының акваториясын тазарту бойынша жұмыстар атқарылды. Және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелері бойынша білім беру бөлімдерінің басшыларымен және қала сыртындағы жазғы лагерь директорларымен семинар ұйымдастырылып, барлық лагерьлерде жазғы маусымға қарай сумен жабдықтау объектілерін дератизациялау, дезинсекциялау, тазалау, жуу және дезинфекциялау, кенеге қарсы іс-шаралар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар өрт-техникалық талаптарды және жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері бойынша ата-аналар мен жиналыста өткізіліп, балалардың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға шақырды.

Ағымдағы жылдан бастап лагерлердің қолжетімділігі туралы барынша ақпараттандыру мақсатында «Балаларды сауықтыру лагерлерінің интерактивті картасы» мобильді қосымшасы және «bala-demalys.kz» сайты іске қосылып,  олардың көмегімен ата-аналар бағдарламаны, билеттің құнын, лагерьдің орналасқан жерін көре алуға мүмкіндіктері бар.

ШҚО ақпарат орталығы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір