17 Маусым, 2022 NEWS
Көрнекі сурет
Жұмада Еуропа комиссиясы Украинаға Еуро одаққа мүшелікке үміткер статусын беруді ұсынды, деп жазады Euronews.
Шешімді Урсула фон дер Ляйен төрағалығындағы комиссарлар коллегиясы бірауыздан қабылдаған. Әзірге бұл тек Брюсель шешімі ғана. Соңғы сөзді одаққа мүше 27 ел айтатын болады. Ал еуропарламент даусын процестің соңында береді.
Бірер күн бұрын Украинаға үміткер статусын беруді Киевте жүрген Франция, Германия мен Италия лидерлері қолдаған. Олар толыққанды мүшелікке дейінгі жол ұзақ болатынын ескерткен. Эммануэль Макрон, Олаф Шольц және Марио Драги Украина еуропалық жанұяға жататынын мәлімдеген.
Украина өтінімін ЕО елдері келесі аптаның соңында Брюссельдегі отырыста қарастырады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір