• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 09:45:13
Алматы
+12°

Фото: Қайрат Құдайбергеннің Facebook парақшасынан

Алматы тергеу соты қаңтар оқиғасы бойынша тергеліп жатқан кәсіпкер, қалалық мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімін ұзартты, деп жазады КазТАГ ақпарат агенттігі.

"Алматы тергеу сотының қаулысымен 17 маусым күні күдіктіні күзетпен ұстау мерзімін үш айға ұзарту туралы арыз қанағаттандырылды. Ұзарту мерзімі – 2022 жылғы 21 шілдеге дейін. Қаулы заңдық күшіне әлі енген жоқ" делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасы кезінде 24 адамды ұрлаған деп айыпталып отырған "Дикий Арман" есімімен белгілі криминал авторитет Арман Жұмагелдиевтің жанында жүрген. Қазіргі уақытта аттары аталған екі азамат та тергеліп жатыр.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қайрат Құдайберген

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір