• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 03:16:29
Алматы
+12°

Ауғанстанда қуатты жер сілкінісі болып, кемі 1000-нан астам адам қаза тапты. Зілзаладан келген шығынның көптігі сонша, ел басшылығындағы тәліптер халықаралық қолдауға мұқтаж екенін мәлім етті.

ВВС дің дерегінше, зілзаладан кемі 1500 адам түрлі дене жарақатын алған. Қиранды астында қалғандар саны қанша екені әзірге белгісіз.

Елдің оңтүстік-шығысындағы Пактика провинциясы қатты қираған. Құтқару жұмыстары нөсер мен ресурстардың жетіспеушілігінен қиынға түсіп жатыр.

Хост қаласынан 44 шақырым жердегі зілзала эпицентріне жақын ауылдар толығымен бүлінген, жолдар қирап, мобильдік байланыс үзілген. Қаза тапқандар саны арта түсе ме деген қауіп бар.

Фото: Getty images

Ауғанстанда мұндай ірі жер сілкінісі болмағалы жиырма жылдан асқан.

Тәліптер Ауғанстан гуманитарлық және экономикалық дағдарысты өткеріп жатқандықтан, үкімет халыққа қажетті мөлшерде қолдау көрсете алмайтынын айтып, халықаралық қауымдастықтан көмек сұрап отыр.

БҰҰ-ның төрағасы Антониу Гутерриш медициналық бригада, дәрі-дәрмек, азық-түлік пен апатта жан сауғалайтын уақытша баспаналар зілзала орнына жөнелтілгенін хабарлады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ауғанстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір