Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі
Еуроодақ Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтаруға көмектесуге дайын. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім етті.
Вндомство баспасөз қызметінің ақпаратынша, агенттік төрағасы Олжас Бектенов Орталық Азия бойынша арнайы өкіл Тери Хакал бастаған Еуроодақ делегациясымен кездескен. Кездесу барысында Антикор басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының негізгі бағыттарымен таныстырған.
"Атап айтқанда, тараптар заңсыз баю үшін заңнамалық жауапкершілікті енгізу және кірістер мен шығыстарды жалпыға бірдей декларациялау мәселелерін талқылады. Бизнесті қорғау мәселелері де талқыланды. Еуропалық әріптестер елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының екпінін оң бағалап, ГРЕКОның Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары мен озық тәжірибелеріне сәйкестігіне ұмтылысын атап өтті. Дамудың маңызды векторы Қазақстанның сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясына қосылуға дайындығы атап өтілді.Тиісті шақыру ағымдағы жылдың 1 шілдесінде келіп түсті" делінген ақпараттық хабарламада.
Тери Хакал Еуроодақ өз тарапынан Қазақстаннан Еуропаға шығарылған активтерді қайтару туралы сұраныстарға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізген.
Сондай-ақ ақпараттық хабарламада пікірталастың жеке тақырыбы қаңтар оқиғаларына байланысты азаптау туралы мәлімдемелерге қатысты істерді тергеуге арналғаны, қазіргі уақытта 171 іс аяқталып, 177 іс бойынша тергеу жалғасып жатқаны айтылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір