• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:26:36
Алматы
+12°

АҚШ Әділет департаментінің өкілдері қылмыстық активтерді іздеуге және АҚШ-тан Қазақстанға қайтаруға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлемдеді. Бұл туралы Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев бастаған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының делегациясының Америка Құрама Штаттарына жасаған жұмыс сапары барысында белгілі болды.

Бас прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан делегациясы сапар барысында АҚШ Әділет департаментінің басшылығымен, Федерелдық тергеу бюросы және Дүниежүзілік банк өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізген.

"Тараптар нақты қылмыстық істер бойынша ынтымақтастықты нығайту, сұрау салуларды электрондық форматта беру, киберқылмыспен күрес саласында тәжірибе алмасу, сотталғандарды ұстап беру және беру туралы шарттар жасасу мәселелерін талқылады. АҚШ Әділет департаментінің өкілдері қылмыстық активтерді іздеуге және АҚШ-тан Қазақстанға қайтаруға қолдау көрсетуге дайын екендеріне сендірді. Тараптар бірлескен күш-жігермен ғана трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстық кірістерді жылыстатуға қарсы тиімді күрес жүргізуге болады деген өзара пікірге келді.

Бұдан бөлек, Қазақстан делегациясы Дүниежүзілік Банктің «StAR Initiative» (Ұрланған активтерді қайтару бастамасы) жобасының өкілдерімен кездесті. Дүниежүзілік банкпен Қазақстанның шетелге, оның ішінде офшорлық юрисдикцияға шығарылған қылмыстық жолмен табылған активтерді қайтару бойынша күш-жігерін қолдау және ынтымақтастықтың көрсетілген бағыты бойынша прокурорлар мен тергеушілер үшін тренингтер өткізу мәселелері талқыланды. Банк өкілдері қазақстандық тараптың бұл бастамаларын қолдады" делінген ақпараттық хабарламада.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Еуроодақ Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтаруға көмектесуге дайын екенін мәлім еткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір