11 Шілде, 2022 NEWS
Фото: Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының "Аяла" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы әзірбайжандар қауымдастығы бірлесіп Құрбан мерекесіне орай мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 53 отбасы үшін қайырымдылық акциясын өткізді.
Ұйымдастырушылар азық-түлік себеттері түрінде гуманитарлық көмек көрсетті. Алматы қаласы ҚХА әзербайжандар қауымдастығының төрағасы Гахраман Садиев бұл қайырымдылық акция дәстүрге айналып, жыл сайын өткізіліп отыратынын атап өтті.
"Біз үшін ең бастысы балаларды қуанту және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды қолдау. Әзербайжандар қауымдастығы атынан қазақстандықтарды осы қасиетті мерекемен құттықтаймын!" деді ол өз сөзінде.
Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбілфас Хамедов, әзірбайжандар қауымдастығының республикалық және қалалық орталықтарының мүшелері, БАҚ өкілдері белсенді қатысты.
Іс-шара соңында "Аяла "әлеуметтік қызметтер орталығы" КММ басшылығы мен тәрбиеленушілері ұйымдастырушыларға отбасыларына көрсетілген көңіл мен көмек үшін алғыстарын білдірді.
Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір