• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қараша, 02:31:19
Алматы
+12°

ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, өңірде жылу беру маусымына дайындық бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік қорғау және білім беру нысандары суықты қарсы алуға 100- пайыз дайын екенін мәлімдеді.

Қала мен аудан әкімдіктері кестеге сәйкес инженерлік инфрақұрылымды жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 9 тамыздағы жағдай бойынша ірі қазандықтар мен ЖЭО-ның дайындығы - 61%, шағын қазандықтар (100 Гкал/сағаттан кем) – 81%, сумен жабдықтау және су бұру объектілері-98%-ды құрайды. Сонымен қатар, ведомствоның мәліметінше, 968 км жылу желілері (92%) қысқа дайын.

Сонымен қатар, қазірдің өзінде көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары дайындық актілерін алу үшін үйішілік жүйелерді дайындауы қажет. Олардың дайындығы 62% құрайды.

Көмір дайындау мәселесі де маңызды болып қалуда. Қала мен аудан әкімдіктерінің ұсынған мәліметтеріне сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына 354,3 мың тонна көмір жеткізілген. Сонымен қатар, әлі жинақталып үлгермеген облыс тұрғындарына энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы толқулар мен алыпсатарлықты болдырмау үшін жазда қатты отын дайындау қажеттігін ескертеді.

Қазір теміржол тұйықтарында 13,7 мың тонна көмір бар, оның ішінде: Өскемен қаласында – 5,5 мың тонна, Риддер қаласында – 4,8 мың тонна, Глубокое ауданында – 600 тонна, Алтай ауданында – 2,6 мың тонна, Шемонаиха ауданында – 210 тонна көмір.

Бюджеттік ұйымдарға 39,6 мың тонна көмір (100%) жеткізді.

Айта кетейік, Энергетика және ТКШ басқармасы қала мен аудан әкімдіктерімен бірлесіп, облыс тұрғындары арасында алдағы жылыту маусымына алдын ала көмір дайындау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: шқо жылыту маусымы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір