• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:23:35
Алматы
+12°

Қорғаныс министрлігі соңғы кездері күштік құрылымдарда өзіне қол жұмсау фактілері жиілеп кетуіне байланысты мәлімдеме жасады.

Министрлік жауынгерлердің өмірі мен денсаулығына өздерімен қатар ҰҚК Шекара қызметі, ІІМ Ұлттық ұланы, Мемлекеттік күзет қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігі де жауапты екенін айтады.

"Өзіне қол жұмсау сияқты шарасыз қадамға бару адамның туыстары мен жақындары үшін үлкен қайғы. Командирлерге де жауынгерден айырылу ауыр шығын. Қарулы күштерде болған әрбір жағдайды әскери полиция қызметкерлері және басқа да қылмыстық қудалау органдары мұқият тексереді. Тексеру нәтижелері өзіне қол жұмсау көп жағдайда әскери қызмет өткерумен байланысты емес екенін көрсетті. Әскерге шақыруға дейінгі кезеңде әскери қызметшілерді осындай әрекетке итермелейтін әр түрлі өмірлік жағдайлар кездесетінін ескеру керек. Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігінің бастамасымен ғылым, құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен әскери ортада орны толмас шығындарды барынша азайтуға және суицидтің алдын алуға бағытталған "Өмірді сақта" кешенді бағдарламасы әзірленіп жатыр" делінген министрлік мәлімдемесінде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: әскердегі суицид

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір