• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Қыркүйек, 08:41:25
Алматы
+8°

Республиканың барлық өңірінде жаппай егін жинау науқаны басталды. Бүгінде барлығы 2,2 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақыл (13,9%) жиналды. Бұл – барлық алқаптың 13 пайызы, деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында.

Орташа өнімділік гектарына 14,6 центнерді құраған. Қазірге дейін 3,3 млн тонна астық бастырылған.

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары жиналған алаң 23,4 млн гектарды құрады, бұл – 2021 жылмен салыстырғанда 387,1 мың гектарға артық.

Министрлік мәліметінше, астық жинаудан күтілетін көлем республиканың ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ету, сондай-ақ астықтың белгілі бір көлемін экспортқа өткізу және дәстүрлі нарықтардағы сауда позицияларын сақтау үшін жеткілікті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: астық науқаны

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір