08 Қыркүйек, 2022 NEWS
Фото: altaynews.kz
Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті Күршім ауданындағы Марқакөл орман шаруашылығы аумағында орман өрті әлі сөндірілмегенін мәлімдеді, деп хабарлады Алтайньюс.
Қазір өрттің алдын ала аумағы 1 300 га құрайды. Жақын орналасқан елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Өртті сөндірушілерге тау бедерлері мен ауа райы қиындық тудыруда. Сондықтан "МИ-8" және "Еврокоптер" тікұшақтары тартылған. Бүгін өрт болған жерге суағар құрылғысы бар ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару МИ-171 тікұшағы қосымша көмекке келмек.
"Алтай ауданында Зырян орман шаруашылығы өртенді. Тілсіз жаудың алдын ала аумағы - 800 гектарды құрайды. Өртті ауыздықтау үшін суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы, 200-ге жуық адам мен 29 техника жұмылдырылды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Бүгін өрт болған жерге Семей қаласының №68303 әскери бөлімінің суағар құрылғысы бар ҚР Қорғаныс министрлігінің МИ-17 тікұшағы, жеке құрамның 50 адамы және 4 бірлік техникасы көмекке қосымша келеді", - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір