• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 13:43:01
Алматы
+7°

Әділет министрлігі Конституцияға түзетулер қабылданса, елорда тұрғындары 6 шілдеде қала күнін тойлайтынын айтты, деп хабарлады Zakon.kz сайты.

"Астана күнін кейінге қалдыру туралы сөз жоқ. "Мерекелер туралы" заңға сәйкес Астана күні 6 шілдеде тойланады", деп хабарлады Әділет министрлігі.

16 қыркүйекте депутаттар елорданың бұрынғы атауы – Астананы қайтаратын Конституцияға өзгертулер енгізуді екі оқылымда мақұлдаған. Құжат президенттің қол қойылуына жіберілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір