• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 11:07:58
Алматы
+12°

Қазгидромет алдағы тәуліктерде солтүстік-батыс циклонының соңынан суық антициклон келіп, күн райы салқындайтынын хабарлады.

Синоптиктер республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбырдың соңы қарға ұласып, көктайғақ болатынын, тұман түсіп, ауа температурасы нөлден төмендейтінін айтады.

Жел күшейе түспек. Елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал.

"Еліміздің солтүстік өңірлерінде термометрлердің түнгі көрсеткіштері 1-6 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз ауа температурасы 1-6 градусқа дейін аздап жоғарылайды, республиканың оңтүстік және батыс өңірлерінде күндіз ауа температурасы15-23 градус маңайында болады" делінген ақпараттық хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ауа райы болжамы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір